Атырауда табиғат қорғау аймақтары мен табиғи қорықтарда өрттің алдын алу экологиялық шарасы өтті

Атырауда табиғат қорғау аймақтары мен табиғи  қорықтарда өрттің алдын алу экологиялық шарасы өтті. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында өткен кездесуге 10 колледжден 250 жас қатысты. Табиғи аумақтарда  өрттің басым бөлігі адам факторынан туындайды. Сондықтан табиғат аясында демалу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау, қоқыс қалдырмау, от жағу кезінде сақтық шаралары жазылған жадынамалар үлестірді. «Ақ Жайық» резерваты мамандары  өрт сөндіру техникаларымен, жұмыс барысымен таныстырды. Соңғы жылдары резерватқа 20-дан астам арнаулы техника алынған. Мамандар экологияны сақтау тек жауапты орган өкілдері ғана емес, әр тұрғын үшін маңызды,- дейді. Биыл экологиялық ағарту жұмыстарына 18 млн теңге бөлінген.

ЕРБОЛАТ ОМАРОВ, ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бүгін резерватта алғашқы шарамызды өткізіп отырмыз «Таза Қазақстан» аясында. Неге десеңіз, жылма-жыл экологиялық проблемалардың бірі, ол – қамыс өрті болып табылады.  Бүгінгі шараны өрттің алдын алу мақсаты деп есептеуге болады. Бұл насихаттау тұрғындар арасында өткізіліп жатыр. Және жастарымыз осы шараға тартылып 200-ден астам адам осы шараға қатысып жатыр.