“Барыс” Ресейде “Адмирал” командасына есе жіберді

Фото: “Барыс” хоккей клубы

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 13 наурызда Құрлықтық хоккей лигасында Ресейде «Адмирал» (Владивосток) командасына қарсы екінші ойынын өткізді.

Алғашқы кезеңде командалар бір-бірден гол соқты. Екінші кезеңде ресейлік клуб үш мәрте көзге түссе, оған қазақстандық команда бір голмен жауап берді. Шешуші кезеңде ресейлік команда тағы екі мәрте қақпаны дәл көздеді.

«Адмирал» (Владивосток, Ресей) - «Барыс» (Астана, Қазақстан) 6:2 (1:1, 3:1, 2:0)

1:0 - Тимашов (Усманов, Чезганов) - 09:36

1:1 - Логвин - 11:22

1:2 - Томпсон (Уолш) - 21:17

2:2 - Чезганов (Усманов, Шулак) - 23:38

3:2 - Шэн (Старков) - 27:18

4:2 - Основин (Олсон, Дерябин) - 29:13

5:2 - Завгородний (Тимашов, Основин) - 58:45

6:2 - Дерябин (Солянников) - 58:57

Қақпашылар: Кульбаков - Шил (Шутов, 29:13 - 60:00).

Осылайша елордалық клуб қарсыласына 2:6 есебімен есе жіберді.

Енді қазақстандық команда 16 наурызда елордада Ресейдің «Адмирал» командасымен тағы бір ойын өткізіп, одан кейін 20 наурызда сырт айдында «Сибирь» (Новосібір) клубымен кездеседі.