Пәкістан Кабулдағы «бейбіт тұрғындардың үйлеріне» де соққы жасағаны белгілі болды. Соның салдарынан төрт адам қаза тауып, тағы 15 адам жарақат алды.
Сонымен қатар ауған үкіметінің өкілі Забихулла Муджахид Пәкістанның Қандағар қаласына, Пәкістанмен шектесетін Пактия және Пактика провинцияларына, сондай-ақ бірқатар басқа аудандарға соққы жасағанын мәлімдеді.
AFP агенттігінің Пәкістанның қауіпсіздік қызметтеріндегі дереккөзі 13 наурызға қараған түні Ауғанстан аумағына соққы жасалғанын растады. Оның айтуынша, шабуылдардың негізгі нысанасы «Техрик-е-Талибан Пәкістан» (ТТП) – пәкістандық қарулы исламшыл топтың мүшелері болған. Бұл ұйым ауған «Талибанымен» тығыз байланысты.
Бұрын одақтас саналған екі ел арасындағы шиеленіс Пәкістан Ауғанстаннан ТТП-ға қарсы шаралар қабылдауды талап еткеннен кейін күшейе түсті.