Кәсіпкер Ербол Хамитовке көлік сыйлады

Фото: Мейiржан Амангелдиев

Кәсіпкер Нұрлан Смағұлов қазақстандық паралимпиадашы Ербол Хамитовке Chery Tiggo 7 автокөлігін сыйлайтынын мәлімдеді.

Қазақстандық спортшы Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Паралимпиада ойындарында еліміздің қоржынына алғашқы алтын медальді салды.

Ол парабиатлоннан 4,5 км қашықтықтағы шаңғы жарысында «із қуу» дисциплинасында үздік нәтиже көрсетіп, чемпион атанды. Сондай-ақ бұған дейін парашаңғы жарысында қола медаль жеңіп алды.