Таяу Шығыс аймағынан 10 275 қазақстандық эвакуацияланды

Фото: pixabay

Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Таяу Шығыс аймағынан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау аяқталды. Жалпы алғанда Қазақстанға 10 275 Қазақстан Республикасының азаматы қайтарылған.

Қазақстан азаматтарын эвакуациялау әртүрлі бағыттар арқылы, оның ішінде әуе және құрлық жолдарымен жүзеге асырылды.

«Қазақстан Республикасының өңірдегі дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерлерде шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимылды үйлестіріп, отандастармен тұрақты байланыста болып, Қазақстан азаматтарына қажетті көмек көрсетті», - делінген хабарламада.