Астанада мыңнан астам адам бір мезетте Көрісу рәсімін өткізді

Фото: gov.kz

Мерекелік шара бата берумен басталды. Қыдыр ата мен Ұмай ана бейнесіндегі әртістер жиналған қауымға бақыт пен береке тіледі.

Мерекеге жиналған қатысушылар бір-бірімен көрісіп, ізгі тілектерін жеткізді.

Айта кетейік, «Наурызнама» мерекелік онкүндігі аясында Астанада 200-ден астам іс-шара өтуде.