Ел аумағында 10 402 дауыс беру учаскесі бар

Ел аумағында 10 402 дауыс беру учаскесі жұмыс істеуде.  Дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жүргізіледі. Учаскелерде халықтың дауыс беруі үшін барлық жағдай жасалған. 18 жасқа толған барлық қазақстандық өз таңдауын жасай алады. Қазіргі уақытта 12 миллионнан астам адам беру құқығына ие. Заңға сәйкес халықтың 50 пайыздан астамы қатысқан жағдайда референдум өткен болып есептеледі. Әр азамат өз дауыс беру учаскесі қайда орналасқанын үйден шықпай-ақ біле алады. Ол үшін referendum.gov.kz арнайы сайты іске қосылды. Дауыс беру учаскесі туралы ақпарат алу үшін аталған сайтқа кіріп, тұрғылықты жерді көрсетесіз. Жеке сәйкестендіру  нөмірін енгізіп, табу батырмасын басу қажет. Деректер енгізілгеннен кейін жүйе учаске туралы ақпарат ұсынады.