Ата Заң 6 рет өзгерді

Ата Заң бұған дейін 6 рет өзгерді. 1995 жылы 30 тамызда жаңа Конституцияны қабылдау үшін бүкілхалықтық референдум өтті. 3 жылдан кейін, яғни 1998 жылы алғашқы өзгеріс болды. 19 бап жаңаланды. 2007 жылы Парламенттің бірлескен отырысы конституцияны небәрі 17 минутта өзгертті. 25 түзету енгізілді. Негізгісі Президент мәртебесіне қатысты. Одан кейінгісі 2011 жылы болды. Онда тек 1 бап редакцияланды. Ал 2017 жылы маңызды құжаттағы 19 бапқа 26 өзгерту енгізілді. Парламент бұл шешімді 2 күн бойы талқылаған. 2019 жылы Конституцияның 1 ғана бабы жаңарды. Сөйтіп Елорда атауы Астанадан Нұр-Сұлтанға өзгертілді. Маңызды құжатқа ең ауқымды өзгерістер 2022 жылы енгізілді. 33 бапқа 56 түзету жасалды. Жалпы референдум Тәуелсіз Қазақстан тарихында 4 рет өтті. Алғашқысы 1995 жылы 29 сәуірде Президент өкілеттігін 2000 жылға дейін ұзарту бойынша. Екінші осы жылдың 30 тамызында Жаңа Конституцияны қабылдау үшін өткізілді. Ал 2022 жылы Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мақсатында ұйымдастырылған. Төртінші референдум осыдан 2 жыл бұрын өтті. Онда АЭС салу мәселесі талқыға түсті.