Қызылордада дауыс беру учаскелері таңғы 7-ден жұмысын бастады

Қызылорда облысында 387 референдум комиссиясы бар. Оның 9-ы аумақтық, қалғаны учаскелік. Таңғы 7-ден 2 жарым мыңнан аса комиссия мүшесі іске кірісті. Дауыс берушілердің  белсенділігі жақсы. Қала тұрғыны  Сұлтамұрат Садықов алғашқылардың бірі болып келді.  80 жастағы қария еліміз үшін маңызды науқаннан ешқашан қалыс қалып көрмедім дейді. Азанымен келіп, көпшілікке батасын беріп, таңдауын жасады.

СҰЛТАМҰРАТ САДЫҚОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Қазақстанның елі үшін жаңа заң Конституция өте маңызды кезеңге өтіп отыр. Келешек болашақ балаларымыздың бақыты үшін, мақсаты үшін аянбай еңбек етуге, ойымызды адал әрі, тіке, нақты айтуға өзім белсенділік жасап келіп отырмын.