Қызылжарда екі мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат жылжымалы жәшік арқылы дауыс бермек

Қызылжарда 500-ден астам жылжымалы жәшік іске қосылды. Референдум учаскілері ашылған сәттен бастап, комиссия мүшелері қаладағы өтініш білдірген барлық мүмкіндігі шектеулі жандардың үйін араламақ. Бүгінде Петропавлда 24 мыңға жуық мүгедек   болса, оның екі мыңнан астамы дауыс беруде ерекше жағдайды қажет етеді. Солардың бірі -Алмагүл Әбдірахманова. Бірінші топтағы зағип жан ел үшін маңызды науқаннан шет қалмай, бүгін алғашқылардың бірі болып өзінің таңдауын жасады. Жалпы, өңірде 596 референдум учаскісі бар.

АЛМАГҮЛ ӘБДІРАХМАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Референдум әр қарапайым халыққа маңызды деп ойлаймын. Сол себептен референдумға қатысып, өзімнің дауысымды білдірдім. Мен әрдайым референдум және сайлауларға қатысып, өз азаматтық позициямды білдіріп отырамын.