Түске дейін халықтың 37 проценті дауыс берген

Дауыс берудің басталғанына  6 сағат болды.  Орталық референдум комиссиясындағы тілшіміз тікелей эфирде соңғы ақпараттармен бөліседі.  Аружан, халықтың дауыс беру көрсеткіші қандай? Қай өңір көш бастайды?

АРУЖАН ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Бекболат, рақмет! Орталық референдум комиссиясы әр екі сағат сайын ақпарат таратып жатыр. Сағат 12-дегі статистика бойынша халықтың 37 проценті дауыс берген. Бұл - 4 миллион, 677 мыңнан аса азамат. Әсіресе, Ақтөбе облысының тұрғындары белсенді. Ал онан кейінгі орында Ақмола өңірі  тұр. Сондай-ақ, Түркістан және  Жетісу тұрғындары   дауыс беруге асығуда. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының мүшесі хабарлады. Тыңдайық.

ӘСЕЛ ЖАНӘБІЛОВА, ҚР ОРТАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Алматы облысы 40,41 %

Атырау облысы  42,29 %

Батыс Қазақстан облысы 36,59 %

Жамбыл облысы 35,86 %

АРУЖАН ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Қазір сәлден соң 14:00-дегі мәліметтер жария етіледі. Брифинг басталады. Ол туралы келесі шығарылымда  кейінірек айтамын. Бекболат, сөз сізде.