Қызылордада ақ күріштің атасы Ы.Жақаевтың 9 келіні дауыс берді

Қызылордадағы учаскелер келушілерді ерекше сән-салтанатпен қарсы алды. Киіз үйлер құрылып, ұлттық ойындар ойнатылды. Дәм ұсынылып, би беленді. Дауыс берушілердің де белсенділіктері ерекше. Түрлі кейіпкердің костюмдерін киіп келіп, елдің назарын аудартуда. Ақ күріштің атасы Ыбырай Жахаевтың ұрпақтары да ауызбіршілікпен таңдауларын жасады.

Ақ күріштің атасы Ыбырай Жахаевтың әулеті де саяси науқаннан қалыс қалмады. Ұлттық киімде, ақ жаулық таққан 9 келінге ел сүйсіне қарап, тілектерін жаудырды. Атамыздың өмірлік ұстанымы маңдай тер еңбекпен, халыққа адал қызмет ету еді. Бұл ұрпағына үлгі. Сондықтан да ел үшін маңызды шешімнен шеттеу біз үшін сын дейді олар.

ГҮЛНАР ҚИТАНБАЕВА, Ы.ЖАХАЕВТЫҢ НЕМЕРЕ КЕЛІНІ:

Біз бүгін ІІ мәрсе Социалистік Еңбек Ері, даңғайыр дихан, ақ күріштің атасы, герой атамыздың келіндері болып, балалары болып, немере-шөбелерелері болып референдумға келіп өз таңдауымызды жасадық.

Қала тұрғыны Мақсат Құрманғазыұлы да учаскеге ерекше образда келді. 21 жастағы ерікті өз стилімен көпшіліктің назарын аудартты. Дауыс берушілер де оны қызықтап, естелік суреттерге түсті. Көк бөрінің бейнесін таңдауым кездейсоқ емес дейді ол.

 МАҚСАТ ҚҰРМАНҒАЗЫҰЛЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Көк бөрі ежелден қазақ халқының, еркіндіктің, батылдықтың, қайсарлықтың белгісі болғаннан кейін осы көкбөріні таңдадым. Және де Қызылорда халқы үшін «Қайсар» футбол командасының жанкүйері ретінде қасқыр танылған. Сол үшін осы обзарды таңдадым.

Жалпы облыс тұрғындарының белсенділігі ерекше болды. Аймақта 492 524 азамат референдумға қатысуға құқылы болса, оның 2637-сі  алғаш рет таңдау жасауға мүмкіндік алды. Ал мүмкіндігі шектеулі жандар үшін  63 инватакси және 49 ымдау тілі маманының кезекшілігі ұйымдастырылды.