Атырау қаласындағы дауыс беру учаскелері маңында Қоғамдық саясат институтының мамандары әлеуметтік сауалнама жүргізіп жүр. Exit poll мүшелері дауыс беру аяқталғанша жұмыс істемек.
Назарбаев мектебінде орналасқан №89 референдум учаскесі маңында Exit poll мүшелері әлеуметтік сауалнама жүргізіп жүр. Гүлбаршын Айтқалиева бұған дейін де бірнеше рет саяси науқанға қатысқанын айтады. Тәжірибелі интервьюер дауыс беріп шыққан халықтың көңіл-күйін, дауысын сұрап, тіркейді. Сауалнама ерікті түрде жүреді.
ГҮЛБАРШЫН АЙТҚАЛИЕВА, ҚОҒАМДЫҚ САЯСАТ ИНСТИТУТЫНЫҢ ИНТЕРВЬЮЕРІ:
Мұнда учаскеге дауыс беріп жатқан адамдардың көңіл күйі көтеріңкі. Асығыс келіп кетіп жатқандар да бар, бей-жай келіп жатқандар да бар, көңілді келіп жатқандар да бар. Қоғамдық саясат институты экзитполды тұрақты қолдануда. Ұйымдастыру жағынан да тәжірибеге ие.
Exit poll мүшелері де әріптестерімен кезектесіп, өз таңдауларын жасаған. Аймақтағы дауыс беру учаскелерінде халық қарасы аз емес. Бұл еліміздің жаңа даму бағының алдындағы таңдау,- дейді Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ректоры.
САЛАМАТ ЫДЫРЫСОВ, Х.ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ:
Бүгін жалпы бәріміз үшін ерекше күн. Еліміздің болашағының дамуының жаңа бағытын айқындаймыз. Бұл жалпы әрбір қазақстандық азамат үшін өз таңдауын жасап, елдің жаңа даму бағытындағы бейжай қарамайтын әрбір азамат үшін таңдау жасайтын күн. Сондықтан мен өзім де осы бүгін өз таңдауымды жасадым.
Өндірісті өңір болғандықтан, аймақта ауысымдық әдіспен жұмыс істеп жүргендер үшін дауыс беру ұйымдастырылды. Қашаған кен орындағы жасанды «Д» аралына мұнайшылардың дауыс беруін ұйымдастыру үшін комиссия мүшелері тікұшақпен ұшып кетті.