Әжелер референдумға тәті тоқаш пісіріп әкеліп таратты

  • AstanaTV
  • 15 наурыз 2026

Жамбыл облысында әжелер хор айтып, референдумға келгендердің көңілін көтерді. Сондай-ақ, пісіріп әкелген тәтті тоқаштарын таратты.

Әжелер хормен ән айтып қана қоймай дауыс берушілерге арнап пісіріп әкелген тәтті тоқаштарынан дәм татқызды. Саяси науқанға немерелерін ертіп келді. Жалпы Әулиеата жұрты белсенділік танытуда. Аймақ басшысы да өз таңдауын жасады.

ЕРБОЛ ҚАРАШӨКЕЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

Халқымыздың ата заңымыздың жаңа жобасына референдумға келіп дауыс беріп отырмын. Менде өз таңдауымды жасадым. Бұл өзіміздің халқымызға мемлекетіміздің, халқымыздың әрі қарай дамуына келешек, болашақ ұрпақтардың дамуына берік негіз қалап жатырық.

Өз таңдауын жасаған қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлау үшін ұлттық ойынның тоғыз құмалақ, шахмат, дойбы, асық ату, ләңгі тебу секілді спорт түрлерінен сайыстар өтіп жатыр.

ГҮЛЖАН ҚАСЫМОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Бүгінгі референдум тек қана бір үлкен науқан емес, сонымен қатар мереке сияқты өтіп жатыр. Көптеген ұлттық ойындар. Дойбы, шахмат ойынын ойнап жатырмыз.

Жамбыл облысында 513 учаске жұмыс істеуде. Дауыс беру заңдылығын бақылаушылар қадағалауда.