Ел аумағында дауыс беру аяқталды. Орталық референдум комиссиясы екі сағат сайын дауыс беру көрсеткішін жариялауда. Соңғы ақпарат бойынша, 8 845 280 адам өз таңдауын жасаған. Қазір Орталық Референдум Комиссиясынан әріптесім Аяулым Изатқызы тікелей байланысқа шығуға дайын. Аяулым, сөз тізгіні сізде.
АЯУЛЫМ ИЗАТҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
Кеш жарық, Бекболат! Ел аумағында 20.00-де дауыс беру аяқталды. Бірақ комиссия мүшелері үшін жұмыс біткен жоқ. Олар бюллетеньдерді санауға кірісті. Бүгін 10 402 учаске жұмыс істеді. Орталық референдум комиссиясының ақпаратынша, 92 дауыс беру орны аумақтық комиссиялардың ұйғарымымен таңғы сағат 6:00-де жұмысын бастаса, 10 мың 388 учаске 7:00-де есігін айқара ашты. Ал уақыт айырмашылығына байланысты шетелде референдум учаскелері бірінші Жапония мен Оңтүстік Кореяда ашылды. Ондағы қазақстандықтар Астана уақытымен түнгі 03:00-де дауыс беруді бастап кетті. Ал ең соңғы дауыс беру учаскесі Америка Құрама Штаттарындағы Сан Франциско қаласында бір сағат бұрын ғана ашылды.
Орталық референдум комиссиясының сағат кешкі 6-дағы ақпараты бойынша, 8 845 280 адам бюллетень алған. Бұл жалпы қатысушылардың 70,98 пайызы.
Өңірлер бойынша Қызылорда облысы көш басында. Азаматтардың 91,80% пайызы таңдау жасаған. Шығыс Қазақстан облысы 83,63 процентпен екінші, Ақтөбе облысы 83,12 % пайызбен үздік үштікте. Мегополистер бойынша Шымкент қаласы 74,44 % процентпен алдыңғы қатарда.
Шет елдерде ашылған референдум учаскелерінің 14-і жұмысын аяқтады. Уақыт айырмашылығына байланысты сағат 19:00-ге дейін шетелдегі барлық учаске ашылып, оның 14-і жабылып үлгерді. Осыған дейін келіп дауыс бергендер саны- 9050. Сан-Францискодағы референдум учаскесі ең соңғы болып 16 наурызда, Астана уақытымен сағат 08:00-де жұмысын аяқтайды.
Бекболат, мендегі ақпар осы. Сөз тізгіні өзіңізде.