Референдум аясында түсіндірме жұмыстарымен 707 мыңнан астам адам қамтылды

Референдум – демократияның негізгі процесстерінің бірі. Халық үнін білдірудің озық үлгісі. Елордада саяси науқан сәтті өтті деуге болады, - дейді комиссия төрағалары мен байқаушылар. Айтуларынша, дауыс беру ашық әрі әділ жүргізілген.

Елордадағы барлық референдум учаскелерінде «AMANAT» партиясының байқаушылары саяси науқанның әділ өтуін қадағалады.  «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы – Мұхаммед Болысбектің айтуынша, тұрғындар керемет көңіл-күймен келген. Сонымен қатар, сенімді түрде дауыс бергені- жұртшылықтың саяси процестерге сеніп, белсене араласуының белгісі.

МҰХАММЕД БОЛЫСБЕК, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

16 ақпан мен 13 наурыз аралығында  бізде 1136 іс-шара өткізіліп, оның ішінде, әірине, кездесулер, қандай да бір эксперттік алаңдар, сондай-ақ, түрлі буындар мен түрлі аудиториялармен біздің түрлі кездесулеріміз өтіп, осы кездесулер аясында 707 мыңнан астам адам қамтылды.

Бүгінгі референдумға жастардың белсене араласқанын да көруге болады. Аумақтық референдум комиссиясы төрағасы – Бейсембай Жұмабековтың айтуынша, халықаралық байқаушылар өз ризашылықтарын білдірген.

БЕЙСЕМБАЙ ЖҰМАБЕКОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫ АУМАҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бүгінгі күні өзіміздің республика бойынша 11 ұйымның азаматтары қатысты. Астана қаласының өзінде аккредитация алған 23 қоғамдық ұйымдар да белсенді қатысып жатыр.

«AMANAT» партиясы ұйымдастырған түсіндірме жұмыстары тұрғындар еңбек ететін барлық саланы қамтығанын айта кеткен жөн.