"Жұмысқа орналасуға көмектесемін": Абай облысында алаяқтық фактісі ашылды

Polisia.kz

Аягөз ауданының 41 жастағы тұрғыны танысына сеніп, жарты млн теңгеге жуық қарызға батты.

Жетісу облысының 39 жастағы тұрғыны жұмысқа орналасуға көмектесемін деп уәде беріп, жәбірленушінің телефонын пайдаланып, оның атына несие рәсімдеген. Келтірілген шығын көлемі шамамен – 500 мың теңге. Жәбірленуші атына несие рәсімделгенін кейінірек білген. Полицияға жүгінгеннен кейін қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, күдікті анықталды. Оның әрекеті алаяқтық бабы бойынша сараланды. Күдіктіге қатысты процессуалдық мәжбүрлеу шарасы ретінде келу туралы міндеттеме таңдалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.