Қазақстанда өткен республикалық референдумның дайындық және өткізу барысын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) байқаушылар миссиясы 2026 жылғы 24 ақпаннан бастап бақылап отырды. Бұл туралы ТМД байқаушылар миссиясының басшысы Игорь Петришенко мәлімдеді.
«Референдум күні миссия өкілдері Қазақстанның тоғыз өңіріндегі 750-ден астам дауыс беру учаскесіне барды. Сонымен қатар шетелдегі учаскелерде де бақылау жүргізілді. Миссия мүшелерінің ақпараты бойынша, барлық учаскелер уақытында ашылып, дауыс беру Мемлекеттік Әнұранды орындаудан басталып, ұйымдасқан әрі тыныш жағдайда өтті», – деді ол.