Атырауда мектеп мұғалімі күйеуінің қолынан қаза тапты

Атырауда мектеп мұғалімі күйеуінің қолынан қаза тапты. Полицияға  тұрмыстық жанжал салдарынан 58 жастағы әйел адамның қаза тапқаны туралы хабарлама түскен. Күдікті - күйеуі. Бейресми дерек бойынша, келіншекті  үйінде, мектепте оқитын қызының көзінше өлтірген. Әйел  ұзақ жылдар бойы қаладағы №16 мектепте бастауыш сыныптан сабақ берген.

МЕЙІРІМ ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Аталған дерек бойынша «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 62 жастағы күдікті анықталып, ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.