Танымал блогер Ерболат Жанабылов пен әйелі Эльмира Төлегенова 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы аға прокурордың көмекшісі Олжас Хайруллаев мәлімдеді. Ерлі-зайыпты лотереяны рұқсатсыз ұйымдастырған. Яғни, тиісті лицензия жоқ. Ойынға қатысушыларға 10 автокөлік, iPhone және ақшалай сыйлық уәде етілген. Осы арқылы блогерлер курс сатып, шамамен 487 миллион теңге табыс табуды жоспарлаған. Сондай-ақ сотта ұтысты өткізуге арналған сайтты әзірлеген IT-маманнан жауап алынды. Ол өз жұмысы үшін келісілген 10 миллион теңгенің тек 7-8 миллионын алғанын мәлімдеді.