Шетелдан әкелінген телефондар неге бұғатталып жатыр?

Кейбір смартфондар верификациядан өтпей, бұғатталып қалады. Соңғы кезде мұндай жағдай жиіледі.  Әсіресе шетелден әкелінген телефондардың IMEI кодтары базаға тіркелмей, байланыстан ажырайды. Соның салдарынан тұтынушылар да, кәсіпкерлер де қиындыққа тап болып отыр.  Мәселенің себебі неде?  Тілші зерттеді.

Қазір смартфон сатып алғанда тек бағасына емес, оның заңды тіркелгеніне де назар аудару маңызды. Себебі  құны 200 мыңнан 700 мың теңгеге дейін жететін кейбір смартфондар тіркеуден өтпей, желіден ажырап қалуы мүмкін. Қомақты қаржыға алынған құрылғыны мерейін шығарып, пайдаланбадым деп тұтынушылар өкпелі.

АНАР МАГЗАМОВА, ТҰТЫНУШЫ:

15 ақпанында жолдасым екеуміз Қытайдан ұшып келдік. Өзімізбен бірге жеке iPhone телефондарымызды алып келдік. Қазақстанға келген сәтте верификацияға байланысты жаңа заңның шыққанын естідік. Ережеге сай, kz-imei. Kz сайтында IMЕI верификациясына өтініш бердік. Барлық нұсқаулық бойынша жасадық. Деректерді толтырдық, шекарадан өткеніміз туралы анықтаманы қоса тіркедік. Ол анықтаманы Қазақстанның ресми визалық миграциялық порталынан жүктеп алдық. Өтінім жібердік тиісті органдарға. Бірақ жауап болмады.

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде де «телефоным верификациядан өтпей қалды» деп көмек сұраған жазба көбейген.

БЛИЦ:  

- Мне заблокировали телефон по IMЕI.

- Я уже не могу, кто вообще придумал этот КZ IMЕI и верификация? Құдай үшін, прошу тебя, слава бога помогите верифицировать телефон?

- Верификация жасауға кім көмектесе алады тегі. Жасалмай қойды мен де.

Көмек сұраған тұрғындардың саны күннен күнге артып жатыр. Жаңа смартфондар ғана емес, соңғы бір-екі жылда сатып алынған кейбір құрылғылар да базаға тіркелмейді. Әсіресе шетелден әкелінген гаджеттерде мұндай мәселе жиі кездеседі. 

ЕРЖАН КАДЕСОВ, САТУШЫ:

Біз де бір адамға жылына екі құрылғыға дейін рұқсат бар. Егер мысалы шетелден алып келсеңіз, «Egov.Mobile» қосымшасы арқылы істеуге болады. Эцп арқылы істеуге болады. Егер телефон верификациядан өтсе, осылай шығып тұруы керек. IMЕI код деп жазсаңыз болды. Бірінші IMЕI код, екінші IMЕI код деп шығады.

Егер алған телефон верификациядан  өтпей, бұғатталып қалса, оны кері қайтаруға немесе ауыстыруға  болады.

ТЛЕУЖАН КІШКЕНБАЕВ, ЗАҢГЕР:

Ақшаны қайтармаған жағдайда сотқа дейінгі хабарлама беріп, тұтынушылардың құқығын қорғау ұйымы бар немесе сотқа жүгіну арқылы өзіңіздің құқығынызды даулауыңызға яғни ақшанызды қайтарып алуға құқығыныз бар.

Сондықтан телефон сатып аларда оның IMEI коды базаға тіркелгенін алдын ала тексеріңіз. Себебі верификациядан өтпеген құрылғы кез келген уақытта бұғатталуы мүмкін.