Бүгін - Наурызнама онкүндігі бойынша Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. Осыған орай Шымкентте ұмытылып бара жатқан көне дәстүр -жарапазан жаңғырды.
Байқауда еліміздің 11 елінен келген өнерпаздар бақ сынады. Қатысушылар жарапазан жырларын түрлі нақышта орындады. Өнер ұжымдары өз аймақтарына тән орындаушылық ерекшеліктерді таныстырумен қатар сахналық көрініспен де үйлестірді. Ғұрыптық әннің өзіндік ерекшелігін, оның ел ішіндегі және өңірлердегі орны мен маңызын дәріптеу, халық арасында кеңінен танытуды көздедік дейді шараға ұйытқы болғандар.
ЖҰМАБАЙ ӘБДИЕВ, ӘДЕТ-ҒҰРЫП ЖӘНЕ САЛТ-ДӘСТҮР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Жарамазанның өзінің имандылыққа, бірлікке шақыратын үлкен бір жолы бар. Осыны жастарымыз ұғынса, білсе, келешекте осы өнеріміз тыс қалмаса деген мақсатта ұйымдастырылып жатыр.