Ақмола облысындағы кәсіпорын жұмысшыларына 60 млн теңге жалақы төлемеген

Фото: istockphoto.com

Ақмола облысының Біржан сал ауданының прокуратурасы «Көкше-Цемент» ӨБ» ЖШС және «Степняк-су» ШЖҚ МКК-нің 350 жұмыскеріне өткен жылдың желтоқсан айында жалақы төленбегенін анықтады.

Прокурорлық акт енгізілгеннен кейін 60 млн теңгеден астам берешек толық өтелді, ал кәсіпорындардың басшылары әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Сонымен қатар, прокуратураның үйлестіруімен аталған кәсіпорындар тарапынан мемлекет кірісіне салықтар бойынша берешек пен өсімпұлдың 2 млн теңгеден астам сомасы өндірілді.

Азаматтардың конституциялық құқықтарын және қоғам мүдделерін қорғау өңір прокуратурасы қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып қала береді.