20 наурыз – Ораза айт мейрамы. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы күні оқылатын Ораза айт намазының еліміз бойынша әзірленген кестесін ұсынды.
Қазақстан қалалары мен облыстарындағы мерекелік намаз уақыты
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жариялаған кестесіне сәйкес, Алматы, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстарында айт намазы сағат 07:00-де басталады.
Астана, Шымкент, Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының тұрғындары мешіттерде мерекелік намазға сағат 07:15-де жиналады.
Қостанай, Қызылорда облыстары және Ұлытау облысында айт намазы сағат 07:30-де басталады.
Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының тұрғындары мерекелік намазға сағат 08:30-де барады.