Астанада 18 000 бала асық ойнады

  • AstanaTV
  • 17 наурыз 2026

Астанада Ұлттық спорт күніне орай ерекше форматта флешмоб өтті. Жекпе-жек сарайына жиналған мыңдаған жеткіншек асық атудан рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Шараның басты ерекшелігі ұлттық ойынды жасанды интеллект тізгіндеді.

АЙҒАНЫМ ТҰРЫСБЕК, ТІЛШІ:

Қазір менің артымда рекорд орнатылып жатыр.18 мың бала бір мезетте асық атып, ұлттық ойынның көрігін қыздыруда. Бұл додаға «Айдар» есімді жасанды интеллект төрелік етіп, бастап берді.

3 мың оқушы арнайы қойылым арқылы сап түзеп, асықтың «Алшы» пішіні мен «Алтын сақа» жазуын бейнеледі. Бұл жай ғана көрініс емес, ұлттық құндылыққа деген құрмет.

МАДИНА СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МАМАНЫ:

Бұл бізде сайыс емес. Алтын сақа деп аталып, асық ойынны насихаттау. Өйткені қазақ халқы асық ойынын  кішкентайынан баласына үйреткен.

Ұлттық спорт күнінде асық ату тек осы залмен шектелген жоқ. Жасанды интеллекттің пәрменімен елорданың барлық білім беру ұйымдарында ойын бір мезетте басталды. Балабақша бүлдіршіндері мен мектеп оқушылары асық атудың шеберлігін көрсетіп, мергендіктерін сынады.

НҰРЖАН МҰХАМАДИЕВ, ОҚУШЫ:

Мектепте асық ойынын жиі ойнап тұрамыз. ДШ сабағында 5 тас ойнаймыз. Асық ойынынан конкустар өтіп тұрады.

Цифрландыру жылы аясында ұйымдастырылған шара дәстүр мен технологияның тіл табыса алатынын дәлелдегендей. 120 мектептің басын біріктірген челлендж жас ұрпақтың бойында ұлттық рухты оятуды көздейді. Мамандардың айтуынша, бұл - спорт қана емес, үлкен тәрбие мектебі.