Доллар 479 теңгеге түсті

Фото: istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір доллардың орташа өлшенген бағамы 479,02 теңгені құрап, 6,59 теңгеге төмендеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 17 наурызға арналған ресми долларының бағамы 486,2 теңге.

Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 479,25 теңге, сату – 482,09 теңге. Астана қаласында долларды орта есеппен 476,1 теңгеден сатып алып, 483,1 теңгеден сатуда. Шымкент қаласында долларды орта есеппен 479,97 теңгеден сатып алып, 482,12 теңгеден сатуда.