Семейде полицейлер 35 жастағы қала тұрғынының мүлкін ұрлады деген күдікпен 21 және 22 жастағы екі жергілікті тұрғынды ұстады.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректеріне сәйкес, күдіктілер Toyota Estima маркалы автокөліктің жүксалғышынан кабельді жасырын түрде ұрлап кеткен. Келтірілген материалдық шығын көлемі 500 000 теңгені құрады.
Күдіктілер жедел түрде анықталып, ұсталды. Олар өз кінәларын толық мойындады.
Аталған факті бойынша алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған ұрлық бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.