Президент жаңа Конституцияны іске асыру жөнінде жұмыс кеңесін өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияны іске асыру жөнінде жұмыс кеңесін өткізді. Мемлекет басшысы алда заңдар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілердің ережелерін жаңа Конституцияға сәйкестендіру бойынша ауқымды жұмыс тұрғанын айтты.  Жаңа Конституцияға сәйкес билік институттарының қызметін айқындайтын заңдарды түзеу қажеттілігіне назар аударды. Конституция күшіне енетін күнді ескере отырып, тиісті заңдарды Парламент сессиясы аяқталғанға дейін қабылдау керек.  Сондай-ақ Үкімет заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерді кешіктірмей түзеуі тиіс.