Оралда заңды айналып өткен кәсіпкердің 128 млн теңге пайда тапқаны әшкере болды. Қазір оның теріс әрекетін Қаржы мониторингі агенттігі тергеп жатыр.
Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, жеке кәсіпкер комиссиялық дүкен ашып, зергерлік бұйымдарды сақтау қызметін көрсеткен. Бірақ бүкіл жұмысы жасырын түрде болған бұл мекеме іс жүзінде кәдімгі ломбардтың қызметін атқарыпты. Құзырлы органның дерегінше, кәсіпкердің мұндай қызмет көрсетуге тиісті лицензиясы болмаған екен. Бірақ айласын асырған пысықай аз уақыт ішінде азаматтарға 2 мыңнан астам қарыз беріп үлгірген.
ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГІ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Қылмыстык жолмен алынған табыс көлемі 128 млн теңгеден асты. Сот санкциясымен күдіктінін автокөлігі мен 6 млн теңге көлеміндегі қолма-қол ақшаға тыйым салынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жаласуда.