"60-тан астам заңға, оның ішінде негізгі кодекстерге түзету енгізіледі"- заңгер

60-тан астам заңға, оның ішінде негізгі кодекстерге түзету енгізіледі. Заңгер Жандос Тұяқов жаңа Конституцияның нормаларын жүзеге асыруға қатысты пікір білдірді. Ол өзгеріс енгізілуі тиіс заңдар мен кодекстер Жаңартылған Конституцияның мәртебесін айқындайды дейді. Себебі ата заңның  іске асуы  жеке нормаларға байланысты. Заңды күшіне енгізу, қолдану, оны бақылауда ұстау негізгі жұмысқа ықпал ететінін айтады.

ЖАНДОС ТҰЯҚОВ, ЗАҢГЕР:

Мемлекеттің алдында жекелеген заңдарды шығару мәселесі туындап тұр. Оның ішінде қазіргі 60 кодекске және де 8 конституциялық заңдарға өзгеріс енгізулі қарастырылып отыр. Бұл- былайша айтқанда тікелей мынау Конституцияның талабы.