Оралда мүгедектерді жұмыспен қамту көрсеткіші жақсарды. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңестің отырысында мәлім болды. Кеңес мүшелерінің дерегінше, былтыр Оралда жаңа жұмыс орындарын құрудың жылдық жоспары асыра орындалған. Мүмкіндігі шектеулі жандар да мемлекеттік қолдауға ие болып, тұрақты жұмысқа орналастырылған. Дегенмен жыл басынан бері 405 мүгедек жұмыссыз ретінде тіркеліпті. Ал өңір мектептерінің 91 проценті ерекше білім беруді қажет ететін балаларды инклюзивті оқытуға лайықталған. Бұл оңды көрсеткіш колледждерде де жалғасын тауып, кембағал жандарға барлық жағдай жасалған.
АЗИМА ҒҰБАШЕВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ БҚОФ ЖАНЫНДАҒЫ ОТБАСЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Мүгедек жандарды жұмыспен қамту мәселесі қазіргі таңда 90% жуықтап тұр. Мүгедек жандарды жұмыспен қамту жұмысын одан әрі қарай жеделдету жөнінде басқарма тарапына ұсынба берілді. Қарастырылған мәселелердің барлығы партиясының сайлауалды бағдарламасында көрсетілген. Сондықтан да филиал жанындағы кеңес осы мәселелерді үнемі өз назарында ұстайды.