Қызылордалық жастар цифрлық сауаттылықтарын арттырып, жасанды интеллектің қыр-сырын меңгеруде. Оған «AMANAT AI TOT» оқу бағдарламасы жол ашып отыр. Оқу барысында қатысушылар генеративті ЖИ негіздерін меңгеріп, нейрожелілермен жұмыс істеу қағидаттарын үйренеді. Сонымен қатар, ЖИ көмегімен мәтін, сурет және презентациялар дайындау дағдыларын игереді. «AMANAT» партиясы облыстық филиалының бұл бастамасына «Kyzylorda Hub» бизнес-инкубаторы, «Daryn Ustaz» орталығы және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті қолдау білдіруде. 2 күнге созылатын оқыту бағдарламасына облыстың әр ауданынан іріктелген 30-дан астам белсенді жас қатысуда. Жобаның негізгі мақсаты аудан жастарына заманауи технологияларды үйрететін өңірлік тренерлерді даярлау дейді ұйымдастырушылар. Бұл бастама «AMANAT» партиясының «Цифрлық қоғам» партиялық жобасын іске асыру мақсатында қолға алынып отыр.
ЖАНДОС БАЗАРТАЙ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Ауданда, қалада, мектептерде осы тренерлерімізді жіберіп оларды да, халықты ЖИ дағдыларын үйрететін боламыз. Әлем ЖИ бағытында көптеген қарқынды жобалар жасауда. Экономикаға да, әлеуметтік салаға да, мемлекеттік салада да, жалпы өмірлік ол біздің күнделікті қажетті құралымызға айналуда.