Астанада көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды

  • AstanaTV
  • 18 наурыз 2026

Қазақстанда көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды. Биыл ел бойынша 21 мыңнан астам бозбала Отан алдындағы борышын өтеуге аттанбақ. Оның ішінде елордалық 1 400-ден астам жас әскери бөлімдерге жіберіледі. Бүгін елордалық жастардың бір тобы Алматы облысындағы шекара қызметінің әскери бөлімдеріне атттанған сарбаздармен тілшіміз тілдесті.

Шекарада шеп құрып, отан алдындағы борышымызды тік тұрып өтейміз деген сарбаздардың көзінде от, жанарында жалын бар. Шақырту келген күннен ақ құжаттарын жинап, борышын өтеуге асыққандарда болашақ жауынгерлердің қатарынан табылды.

РУСЛАН БАЛТЕМІРОВ, ҚАЛАЛЫҚ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Бүгінгі таңда Бас қолбасшымыз президентіміздің жарлығына сәйкес 16 наурыздан бастап көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды. Жалпы бүгін алғашқы команда Алматы қаласына шекара қызметіне жүргелі тұр кешкісін. Жалпы ниет білдіріп жатқан азаматтар қуантарлықтай көп.

Биылғы шақыру науқанының басты ерекшелігі - әскери қызметтің цифрлық форматқа көшуі мен әлеуметтік қолдау пакетінің кеңеюі. Ендігі кезекте сарбаздар үшін кредиттік каникулдар алу мен мерзімді қызметтен кейін жоғары оқу орындарына ҰБТ-сыз түсу мүмкіндігі толықтай жолға қойылған.

РАХАТ АБДРАИМОВ, ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРЫЛУШЫ:

Шекара қызметіне бара жатырмын өз еркіммен.Повязка келді, ертесінде өз еркіммен келдім. Үйімдегілер де өзі добровольно жіберіп отыр өз еркімен шекара қызметіне Алматы Қарасай. Сол, ойлаймын өзім 1 жылда Отан алдындағы борышымды аман-есен өтеп келем, отбасыма аман-есен оралам.

Биылғы инновациялар мен әлеуметтік пакет әскери қызметтің беделін арттырып, шақыру процесін айтарлықтай жеңілдетті. Елордалық жастар үшін көктемгі науқан сәтті басталып, Отан алдындағы борышты өтеу жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ.