18 наурыз - ұлттық киім күні

  • AstanaTV
  • 18 наурыз 2026

Алматыда «Этно-Fashion» ұлттық киімдер флешмобы өтті. Жиында сән көрсетілімі мен ұлттық киім тарихына арналған видео-викторина көрсетілді. Шараның мақсаты- арқылы ұлттық киімнің мерекелік немесе сахналық элемент қана емес, күнделікті өмірде де сәнді әрі заманауи стиль ретінде қалыптасуына ықпал ету. 

ҒАЗИЗА ӘМІРБЕК, ТІЛШІ:

Бүгінде ұлттық киімге  қызығушылық та, сұраныс та жоғары. Отандық дизайнерлер сәнді күртеше, көйлектерге түрлі оюларды салу арқылы дәстүрлі мұраны сақтап, оны заман талабына сай жастар арасында дамытып келеді. Қазақтың дәстүрлі киімі дәріптеліп қана қоймай,  ұлттық болмысты сақтаудың маңызды тетігіне айналуда.

ЕҢЛІК МӘУЛЕНОВА, КІТАПХАНАШЫ:

Бұл мереке біздің еліміз үшін өте маңызды мерекелердің бірі деп ойлаймын. Себебі қазіргі 21-ші ғасырда жастарымыз этно-фэшн стильінде киініп жүргені өте біз үшін ұтымды деп ойлаймын. Сол себепті де осы орталықта арнайы қазақи нақыштағы этно киімдерді дәріптеу мақсатында көрсетілім болады.

Ұлттық киімдер көрсетіліміне жас модельдер де қатысты. Мектеп оқушылары сахналық қойылым арқылы салт-дәстүрлерді паш етті.

АЙГҮЛ ЖАНСЕРІКОВА, ДИЗАЙНЕР:

Бүгін біз этникалық киімдер коллекциясын ұсынамыз. Бұл негізінен ұзын көйлектер, тіпті егер шалбар болса да, барлығы табиғи мақта маталарынан жасалған. Әрине, коллекцияда заманауи жилеттер, күртешелер және жібектелген шапандар да бар. Барлық киімдер жібектелген, оларды оңай жууға болады, ештеңеге зиян келмейді, табиғи матадан жасалған, ыңғайлы және біздің ата-бабамыздың дәстүрін жалғастырады.

Мұндай  шаралар ұлттық киім мәдени болмысы мен бірегейлігінің маңызды бөлігі екенін көрсетеді.  Қала тұрғындары ұлттық киімдерін киіп, мерекеге белсенді түрде қатысуда.