Үлгілі ауыл: Көкжиде тұрғындары ішімдіктен бас тартты

фото: Polisia.kz

Жетісу облысы Сарқан ауданында орналасқан Көкжиде ауылының тұрғындары ішімдіктен ерікті түрде бас тартты.

Жергілікті тұрғындардың сөзінше, бұл қадам қоғамдық тәртіптің нығаюына оң әсер еткен. Ішімдікке байланысты құқық бұзушылықтар азайып, ауылда тыныштық пен қауіпсіздік деңгейі артқан.

Бұл өлкедегі тыныштық пен тәртіптің сақталуына полиция қызметкерлерінің қосқан үлесі зор. Тәртіп сақшылары тұрғындармен үнемі байланыста болып, профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп келеді.