Павлодар облысында бір тәулікте 360 құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Polisia.kz

Павлодар облысында бір тәулікте 360 құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Облыстың патрульдік полиция қызметкерлері тәулік бойы қызмет атқаруды жалғастыруда. Негізгі мақсат - тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Соңғы бір тәуліктің өзінде инспекторлар 360 құқық бұзушылықты анықтап, жолын кесті. Патрульдік қызмет мас күйінде көлік басқару деректерін анықтауға ерекше назар аударуда. Қатаң санкцияларға қарамастан, кейбір жүргізушілер өзгелердің өміріне қауіп төндіруін тоқтатпайды. Павлодар қаласында есірткіге мас күйінде көлік басқарған Nissan автокөлігінің жүргізушісі ұсталды. Облыс орталығында Lada-21901 автокөлігінің жүргізушісі алкогольдік мас күйінде көлік жүргізгені үшін тоқтатылды. Ал Ақсу қаласында Toyota Aristo көлігін мас күйінде басқарған тағы бір тұрғын анықталды.

– Әрбір дерек медициналық куәландыру нәтижелерімен расталды. Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік өндіріс қозғалып, материалдар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Автокөліктер арнайы тұраққа қойылды, – деді Павлодар облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бакибай Ахмедьянов.