Қызылордада жалған анықтама жазып берген дәрігер сотталды

Шенеунікке жалған анықтама жазып берген дәрігер сотталды. Ол мемлекеттік қызметшіні қамауда болғанын жасыру үшін осындай қадамға барған. Қызылорда облысы Сырдария ауданда бөлім басшысы қызметін атқаратын шенеунік көлікті мазаң күйде басқарғаны үшін 15 тәулікке қамалған. Сот барысында ақ халаттының  лауазымды тұлғаның қамақта болғанын біле тұра жалған құжат жасағаны дәлелденген.

ҚАЙРАТБЕК БЕРЖАНОВ, СЫРДАРИЯ АУДАНДЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Аудандық аурухананың дәрігері өзінің танысының кәмелетке толмаған балаларының науқастанбағандығын біле тұра, оның теріс себептермен жұмыстан шығып қалмауына жағдай жасау үшін аудандық ауруханаға тиесілі бланктерді алып, 15 тәулікке жарамсыздық парағын қолдан жасаған. ҚК 385-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, осы бап бойынша 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.