Қазақстан әлемнің ең ірі экономикалық рейтингінде 36-шы орынға тұрақтады

Қазақстан әлемнің ең ірі экономикалық рейтингінде 36-шы орынға тұрақтады. Сатып алу қабілетінің паритеті бойынша еліміз жаһандық тізімде Сингапур мен Румынияның ортасынан орын алды.  Visual Capitalist сарапшыларының мәліметінше, отандық экономиканың жалпы көлемі 973 миллиард долларға бағаланып отыр. Ал әлемдік экономиканың жалпы үлесі 219,2 трлн долларға жетті. Оның тең жартысы Азия елдеріне тиесілі. Көш басында 43 жарым триллион доллармен Қытай, одан кейін АҚШ пен Үндістан тұр. Мамандардың пікірінше, сатып алу қабілетінің паритеті – экономиканың нақты әлеуетін көрсететін басты өлшем. Бұл тұрғыда Қазақстан Орталық Азиядағы көршілерін едәуір артқа тастап, аймақтағы ең ірі экономика мәртебесін сенімді түрде сақтап қалып отыр.