Алматыда 500-ден аса студент домбыра шертті

  • AstanaTV
  • 19 наурыз 2026

Алматыда 500-ден аса студент халық алдында домбыра тартып, көпшіліктің назарын аудартты. Іс-шара АМАNАТ партиясы жанындағы «Жастар рухы» Жастар қанатының ұйымдастыруымен  республикалық «Күй күмбірі» акциясы аясында өтті. Жастар дүйім елдің алдында «Ерке сылқым» күйін бірдей орындап, аспап үні арқылы мәдени құндылықтардың байлығын көрсетті. Шара көктемгі жаңару кезеңінде патриоттық рухты нығайтып, мәдени мұраны кейінгі ұрпаққа жеткізуге бағытталды.

АЙДАР КҮНТУБАЙ, ПРИНТ МЕДИА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Түрлі жанағы мамандықта оқитын көбінесе жұмысшы мамандықта білім алып жатқан колледждің студенттері қамтылған. Мына ойын-сауық орталығында бүгін қала тұрғындарына керемет көңіл-күй сыйлау мақсатында осылай барлық студенттерімізді бір ортаға жинап, ұлттық киім мен ұлттық мына өнерді дәріптеу.

Бұл бастама студенттердің шығармашылығын арттырып, дәстүрлі өнерге деген қызығушылығын күшейтуге ықпал етеді дейді ұйымдастырушылар. Ұлттық құндылыты дәріптеуге арналған шарада қазақтың қобыз, жетіген секілді ұлттық аспаптары да тартылды.

ДИДАРБЕК ДІЛДӘБЕК, "АМАNАТ" ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Осы жастарымыздың қауқарын көрсету біздің де әлі мынау қала болса да, басқа болса да біздің жастарымызды өнерге деген сүйіспеншілгі бар, домбыра тартатын жастарымыз бар. Осы арқылы біз енді алдағы уақытта осындай жұмыстардың легін көбейте беретін боламыз.