Ақтөбелік өнертапқыштар алты киіз үйді заманауи цифрлық жүйемен жабдықтады

  • AstanaTV
  • 19 наурыз 2026

Ақтөбелік өнертапқыштар алты  киіз үйді заманауи цифрлық жүйемен жабдықтап, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Лед экрандар арқылы «Шексіз панорама», «Ұлы дала образы», «Батырлар бейнесі», «Асыл мұра» сынды тақырыптар жанданып, көрген жанды бір сәтте тарих қойнауына жетелейді.  Келушілер өңірдің киелі жерлерін тамашалап қана қоймай, цифрлық бата тыңдай алады. Ал виртуалды көзілдірік арқылы Ақтөбенің тарихи орындарын аралау мүмкіндігі-нағыз болашаққа жасалған қадам.

ГҮЛДАРА ЫСҚАҚОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Бұдан басқа цифрлық бата, деген сияқтиы видеолар әзірленген болатын осы бағдарлама аясында. Сонымен қатар бізде гуманоид пен яғни робот гуманоид дейді, және оның қасында иті бар. Олар қозғалады, сәлемдеседі. Билейді деген сияқты.

Мерекелік алаң -тек көрме емес, жас IT мамандары үшін де үлкен мүмкіндік. Болашақ айтишниктер өз стартап жобаларын таныстырып жатыр. Соның бірі-менталды денсаулыққа арналған «Sen» мобильді қосымшасы. Пайдаланушы бірнеше сұраққа жауап беріп, арнайы тапсырмаларды орындау арқылы өзінің психикалық жағдайын саралап, күйзелістен шығу жолдарын таба алады.

СИРАЖЕДДИН АБДУЛАЛАХ, СТУДЕНТ:

Психолог маманына ұқсайтын арнайы функцияларды яғни кеңес беру функциясын бұл сервис қолдана алады. Сондықтан да арнайы платформаға керек болғандықтан ойлап тапқан болатынмын.