Павлодарда қыз балалар ұршық иіруден жарысқа түсті. Ұмыт бола бастаған дәстүрді Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі қайта жаңғыртты. Сайыстың мақсаты да- жас ұрпақты күнделікті өмірде қолданыла бермейтін ұлттық қол өнерге баулу. Жоғары сынып оқушылары жүн түтіп, ұршық иіріп одан жіп жасады. 9-сынып оқушысы Дильназ Тәтенова алғаш рет қолына ұршық ұстап, сайысқа түсіп отыр. Ол екі апта ішінде ұршық иіруді үйреніп алыпты.
ДИЛЬНАЗ ТӘТЕНОВА, 9-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:
Біріншіден, сіз жүнді аласыз да оны тарайсыз. Содан кейін түтесіз. Содан ғана жүнді аласызда ұршыққа нетесіз де иіруге болады. Содан кейін жіп пайда болады.
Байқау шарты бойынша қыздар алдымен жүн түтті. Жүнді қолмен түтіп, оны ұршыққа салуға дайындады. Ал екінші кезеңде түтілген жүнді ұршыққа салып, оны иіріп жіп есті. Сайысқа 9 оқушы қатысты. Қазылар алқасы қыз балалардың ұршықты дұрыс иіруін, ептіліктерін және жылдамдықтарын назарға алды.
МАРЖАН ШАЙХИМОВА, БҰҚАР ЖЫРАУ АТЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР МУЗЕЙІНІҢ БӨЛІМ ӘДІСКЕРІ:
Наурыз мейрамының қарсаңында жыл сайын осындай байқаулар өткіземіз. Біз әр жыл сайын әр түрлі байқау өткіземіз. Өткен жылда біз қамшы өру мен «Тақиялы қыз трендтте» байқауы болса, былғы жылы ұршық иіру жүн түту байқауы екі кезеңнен тұрады. Бұл біздің ұлттық салт-дәстүрімізді келешек біздің ұрпақтардың бойына сіңіру, дәріптеу арқылы біз жеткізуміз керек. Мақсатымыз біздің сол.