Атырауда құмар ойын ойнаған мемлекеттік қызметкер жұмысынан босатылды

Фото: istockphoto.com

Атырау облысының Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Экология департаментінің қызметкерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын бұзғаны үшін жауаптылыққа тартты.

Аталған мемлекеттік қызметкер заңда белгіленген тыйымға қарамастан, құмар ойындарға қатысқан.

Қадағалау актісінің негізінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін жұмыстан босатылған.

Сонымен қатар, Экология департаменті басшысының орынбасары және экологиялық бақылау бөлімінің 7 бас мамандары заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған (ӘҚБтК-тің 498- бабымен, құқықтық статистика және арнайы есепке алу деректерiн ұсынудан бас тарту, ұсынбау, уақтылы ұсынбау, жасыру, қосып жазу және басқа да бұрмалаушылықтар).

Прокуратура мемлекеттік органдардағы заңдылықтың сақталуы үнемі жүргізілетінін айқындайды.