Жаңа Конституцияда азаматтардың жеке деректерін заңсыз жинау, өңдеу, сақтау және пайдаланудан қорғау құқығы заңмен кепілдендіріледі. Ата заңда жеке деректерді қорғаудың конституциялық негізі алғаш рет нақты бекітіліп отыр дейді,-сарапшылар. Бұл – цифрлық дәуірдегі адамның негізгі құқықтарының бірі екенін айтады.
БАУЫРЖАН ЫСҚАҚ, ЭКОНОМИСТ:
Жаңа Конституцияға сәйкес азаматтардың жеке цифрлық құқықтары заңмен күшейетін болады. Яғни жеке деректерді заңсыз сақтау, тарату сияқты дүниелердің барлығы да заңмен қатаң қудаланатын болады. Жалпы осы жасалып жатқан дүниелердің барлығы да, мынау цифрлық кезеңінде азаматтардың қауіпсіз өздерінің құқықтық мемлекетте өмір сүруіне жағдай жасайды деп ойлаймын.