Астанада көлікті айып тұрағына қою мен эвакуациялау ақылы режимге өтеді

Астанада көлікті айып тұрағына қою мен эвакуациялау енді ақылы болады. Енді  тұрғындар темір тұлпарын қайтарып алу үшін қомақты қаржы төлеуге мәжбүр. Эвакуация құны 3 айлық есептік көрсеткіш, яғни 12 900 теңге болып бекітілмек. Ал мамандандырылған тұрақта сақтау ақысы көлік түріне қарай өзгереді. Мәселен, жеңіл көлік иелері алғашқы күнге 3 Айлық есептік көрсеткіш төлейді. Жүк көліктері үшін бұл сома тіпті жоғары. Жүйе 23 наурыздан бастап енгізіледі, ал 15 сәуірге дейін құқық бұзу ескерту ретінде қабылданады. Айыппұл салынбай, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.