Алматыдағы дәрігерлер науқастан 25 келілік ісікті алып тастады

Фото: ДСМ

Алматыда дәрігерлер алып ісігі бар науқастың өмірін сақтап қалған бірегей ота жасады.

Салмағы шамамен 25 келі болатын ісік бірнеше ай бойы ішінде өсіп келе жатқан, бірақ әйел медициналық көмекке жүгінбеген және дәстүрлі емес әдістермен емделген.

1957 жылы туған науқас шамамен екі айға дейін ауырған. Осы уақыт ішінде ол жақсаруға үміттеніп, әртүрлі тағамға қосылатын биологиялық белсенді қоспаларды қабылдаған. Алайда, ешқандай нәтиже болмаған ісік тез өсе берген.

Кейінірек туыстары айтқандай, әйел өз жағдайын жасырып, тіпті қоспаларды сатып алу үшін несие алған.

Тек жағдайы нашарлағаннан кейін ғана науқас Алматы онкологиялық орталығына онкохирургия бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Балтаевқа қаралады. Компьютерлік томографияны қоса алғанда, тексеру кезінде іш қуысы мен жамбас қуысында алып ісік анықталған. Ісік 55-35 сантиметр юолған, іш қуысын толығымен толтырып, жамбас қуысына дейін созылған.

Дәрігерлер қажетті ота алдындағы дайындықты жүргізгеннен кейін шұғыл ота жасау туралы шешім қабылдады.

Ота шамамен 2-2,5 сағатқа созылды және ішперде артындағы ісікті күрделі, біріктірілген түрде алып тастауды және онымен байланысты процедураларды қамтыды. Отаны онкохирургия бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Балтаев және оның көмекшісі Ғалым Сармаш жүргізді.

Алынған ісіктің салмағы шамамен 25 килограмм. Гистологиялық зерттеу нәтижесінде некроз аймақтары бар дифференциалданған ретроперитонеальды липосаркома диагнозы қойылды, бұл қатерлі ісікті растады.

Қазіргі уақытта науқас химиотерапиядан өтіп жатыр және мамандардың бақылауында.