Ақтөбеде Наурыз мерекесі биыл ерекше форматта өтуде. Бұл жолы алаңға шабандоздар емес, роботтар шықты. Робо-көкпар сайысында жас өнертапқыштар өзара мықтыны анықтады. Ұлыстың ұлы күніне орай өткен шараға мектеп оқушылары белсене қатысып, өз қолдарымен құрастырған роботтарын додаға қосты. Шара тек жарыспен шектелмей, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Өнер ұжымдары концерт қойып, ұлттық рух пен заманауи технология тоғысқан ерекше кештің сәнін кіргізді. 30-ға жуық оқушы қатысқан жарыста темір «шабандоздар» көкпар тартып, дәлдік пен жылдамдықты сынға салды. Жеңімпаздарға 50 мың, 30 мың және 20 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар қарастырылған. Робо-көкпар- дәстүр мен цифрлық дәуірдің үйлесімді көрінісіне айналды. Бүгінгі балалардың ойыны- ертеңгі инженерлік жаңалықтардың бастауы екені анық.
ГҮЛДАРА ЫСҚАҚОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Оқушылар ұлттық дәстүрде ойында жаңа форматта ойнататын болады. Бұл ойындардың жалпы мақсаты - біз ұйымдастырып жатқан, бұл бұрынғы ойындарды, дәстүрлі ойындарды жаңа форматқа ауыстыру, сонымен қатар жастардың арасында жаңа технологияға деген қызығушылықты арттыру болып табылады.
Қазір оқушылар арасында робототехникаға қызығушылық артып келеді. Әсіресе ер балалар белсенді. Мектептерде арнайы кабинеттер ашылып, тіпті балабақшаларда да болашақ инженерлерге арналған үйірмелер бар. Ұстаздар осы мүмкіндікті тиімді пайдаланып, балаларды ұлттық ойындарға жаңа қырынан баулуда. Мәселен, оқушылар робот-шабандоздарды өздері құрастырып, оларды көкпарға ғана емес, қыз қуу мен асық ату сияқты ұлттық ойындарға да бейімдеп қойған.
АЛДИЯР БАЗАРБАЙ, № 75 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫСЫ:
Біз осындай ұлттық жарыстарға көп айына әр айсайын барамыз, және де біз осы ойындардан, сол жарыстарда 1-2 орындар алып келеміз. Бұл көкпардың несі ортадағы көкпарды келесі адамның қоржынына апарып салу. Робот футбол сияқты, бірақ бұл жерде доптың орнына көкпардың ұ сұатайтын өзінің кегелі болады.