Алматы облысында ұлттық құндылықтар дәріптелді

  • AstanaTV
  • 20 наурыз 2026

Алматы облысындағы 21 ұлт өкілі тұратын Алатау қаласына қарасты Жетіген ықшам ауданында әз-Наурыз тойланды. Самарқаның көк тасы еріген күнде жергілікті жұрт нағыз достық пен ауызбіршіліктің үлгісін көрсетіп, мейрамның мәнін аша түсті. Мектеп қабырғасында өткен дүбірлі тойда ұлттық құндылықтар дәріптеліп, салт-дәстүр кеңінен насихатталды. Жиналған жұрт Наурыз мейрамының басты тағамы Наурыз көжеден дәм татты.

ДИНА ӘДІЛБЕКҚЫЗЫ, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:

Біздің мектепте 21 национальность бар. Солардың арқаларында осындай үлкен іс-шара өткізіп, наурыз мерекесін тойлап жатырмыз. Іс-шарамызда ең бірінші мақсаты ұлттық достықты көрсетуге, көп ұлттың ауылымыздың ішінде қалай бір-бірімізді сыйлаймыз, қалай бір-бірімізді құрметтейміз соны көрсетуге ең бірінші мақсаты сол болды.