Мереке күндері ауа райы тұрақты болады

  • AstanaTV
  • 20 наурыз 2026

Мереке күндері елде ауа райы тұрақты болады. Синоптиктердің болжамынша, оңтүстік өңірлер мен Алматыда күн жылынып, температура +19°С-қа дейін көтеріледі, 23 наурызда өткінші жаңбыр болуы мүмкін. Батыста да күн жылы: Ақтау мен Атырауда +18°С болады, бірақ жел күшейеді. Ал елорда мен солтүстікте қыс ызғары сақталып, түнде -8°С-қа дейін суытады, кей жерлерде боран күтіледі.