Жаңа Конституцияны қолдау мақсатында еліміздің барлық білім беру ұйымдарында «Күй күмбірі» республикалық домбырашылар акциясы өтті.
Шараның мақсаты – ұлттық мәдени мұраны сақтау, білім алушылардың эстетикалық талғамы мен патриоттық сезімдерін күшейту, сондай-ақ балалардың домбырада ойнау шеберлігін насихаттау. Акция биыл цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект әлеуетіне баса назар аудара отырып жүзеге асырылды.
Акция барысында қатысушылардың таңдауы бойынша бір мезгілде халық күйі «Тепеңкөк», «Әлқисса», «Ерке сылқым» секілді танымал күйлер орындалады. Шараға тек мектеп оқушыларын ғана емес, сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдардың ең кішкентай тәрбиеленушілері және колледж студенттерін де қатысты.
Маңғыстау облысында қатысушылар тек домбырада ғана емес, сондай-ақ жетіген секілді көне ұлттық аспаптарда да күйлер орындап, қазақтың музыкалық мұрасының байлығы мен тереңдігін көрсетті. Ал Астана қаласында Оқу-ағарту министрлігінің қызметкерлері балалармен бірге күй тартты.