Павлодар облысына жаңа басшы келді. Президенттің Жарлығымен бұл лауазымға Болат Бақауов тағайындалды. Облыс орталығын екі жылдай басқарған Болат Бақауовтың мемлекеттік қызметте жүргеніне 7 жыл. Ақсу шаһары мен Қашыр ауданында әкім болған. 2003-2007 жылдар аралығында облыстық мәслихаттың депутаты болды. Павлодардың тумасы 45 жастағы жаңа әкімді бұқара кәсіпкер ретінде жақсы біледі.
Ал Қанат Бозымбаев өңірді 2 жыл үш ай басқарды. Жергілікті халықтың жақсы қасиетін тізбелеген экс-әкім қимастықпен қоштасқандай болды.